Жамбылда небәрі бір апта ішінде 10 мың литрден астам алкоголь өнімі тәркіленді. Одан бөлек, 3 мыңнан астам бума темекісі тағы бар. Олардың барлығы дерлік өңірге заңсыз жолмен алып келініп, лицензиясыз сатылып жатқан тауарлар. Статистикаға сүйенсек, аптада бір жартыжылдықтың тәркілеу жоспары орындалған.