Жамбыл инновациялық жоғары коледжінің қабырғасында «Innovation Hackathon 2025» байқауының финалдық кезеңі өтті. Ауқымды шараға еліміздің әр өңірінен – Көкшетау, Астана, Алматы және Жамбыл облысынан келген үздік колледж студенттері қатысты. Бұл байқау – тек жарыс қана емес, сонымен қатар жаңа технологияларды меңгеруге, ойлау қабілетін дамытуға және шығармашылық бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған маңызды алаң.