Биыл облыс бойынша 14 570 оқушы мектепті тәмәмдайды. Оның 12 мыңнан астамы ҰБТ-ға қатыспақ. Сонымен қатар, білім саласының мамандары 192 мыңнан астам оқушыны жазғы сауықтыру лагерлеріне жіберуді жоспарлап отыр. Олардың біршамасы өзге облыстардағы демалыс орындарына аттанады. Бүгін аппарат кеңесінде білім саласы және облыстағы тазалық жұмыстарына қатысты мәселелер талқыланды.