Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Тараз-Арена" спорт кешенінде қазақша күрестен «Қазақстан барысы» Республикалық турнирінің қалалық іріктеу кезеңі өтті. Спорттық жарыс Наурызнама онкүндігіне сәйкес өткізіліп, ұлттық спорт түрлері күнімен тұспа-тұс келді.