Жаңбыр жауса да суы көбеймейді, қуаңшылық болса да азаймайды. Жамбылдағы Меркі ауданында осындай қасиетке ие Көккөл деп аталатын көл бар. Жүрек пішініндегі ерекше айдын тау басында орналасқан. Тағы бір таңқаларлығы түбі жоқ, терең. Қайнар көзі қайдан келіп жатқаны да белгісіз әрі суы ешқайда ағып кетпейді. Кезінде көлді айдаһар мекен еткен деген аңыз да бар.