Т. Рысқұлов ауданында «Ауыл аманаты» жобасы табысты жүзеге асырылуда. Игі бағдарламаның арқасында ауылдықтардың табысы еселеніп, істері де ілгерілеуде. Сондай-ақ, құландықтар көптеген нысандарға қатысты мәселелерді демеушілердің көмегімен шешіп жатырмыз дейді. Аудандағы ахуалды аймаққа жұмыс сапарпымен барған облыс әкімі өз көзімен көрді.

Ауылдағы ағайынмен кездескен Ербол Қарашөкеев сондай-ақ, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдап, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.