Бүгін Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толуына және ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс:тарихи маңызы, тағылымы мен зерттеудің перспективалары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Жиынға елімізге белгілі тарихшы ғалымдар мен танымал журналистер қатысты.
Өткен ғасырдағы Ресейдің отарлық жүйесіне қарсы 1916 жылғы болған ұлт-азаттық көтеріліс аса қатігездікпен басып-жаншылғанымен әлі күнге болса да аймақтық негізде толық тарихи бағасын алмай отыр. Сондықтан, бүгінгі республикалық конференцияда Мәмбет Қойгелидиев, Талас Омарбеков бастаған елге танымал тарихшы ғалымдар ұлт-азаттық көтерілістің негізгі тарихи маңыздылығын атап өтті. Сол уақыттағы Жамбыл облысының аумағында да ең ірі көтерілістердің болғандығына тоқталды.
Мәмбет Қойгелидиев, Тарих ғылымдарының докторы, профессор
Осы өңірдің азаматтарыда жалпы ұлттық-азаттыққа өз үнін қосқан, өз үлесін қосқан. Сондықтан, осындай конференцияның педагогикалық институтта өткуі меніңше үлкен маңызды елеулі оқиға. Бұл студенттер үшін ғана керек емес, жалпы ел үшін, осы елдің азаматтары үшін керек.
Конференцияда сол кезеңдегі көтерілістің тарихы мен тарихи тұлғалардың өмірі, ерлік істері кеңінен талданды. Сондай-ақ, қайталанбас ерліктерімен есте қалған Бекболат Әшекеев пен басқа да тұлғалардың істерін бүгінгі ұрпақ санасына сіңіру мәселесі де сөз болды.
Талас Омарбеков, Тарих ғылымдарының докторы, профессор
Қазақ халқы өзіміздің ұлт-азаттық қозғалысымыздың бай тәжірибесімен ерліктерімен мақтанып қана қоймай, жас ұрпақтың санасына сіңіріп, болашақ ұрпақ осындай тақырыптарды зерттеу керек. Біздің ұлтымыздың мемлекетіміздің идеологиялық рухани негізі болады.
Ұлт азаттық көтеріліс жылдарында тыл жұмысына алынған адамдар мен қуғын –сүргінге ұшыраған азаматтардың тағдыры қайта қозғалды. Сондай-ақ, сол нәубетті жылдары 120 мыңнан аса адамның қаза тапқандығы айтылды.
Дария Қожамжарова, ТарМПИ ректоры
Біз ұлт болып отырған ұлттық тарихты кеш оқып жатқан жоқпыз ба? Дұрыс емес тарихи емес жағдайларға әкеп соғып, дұрыс емес ойлар пайда болып жатыр. Сондықтан да, мен ойлаймын бүгінгі конференцияда осы тұстас мәселелерді алға қойып, тың мәселелер қойып дұрыс көзқарастар қалыптастыра білген шығармыз деп ойлаймын.
Республикалық ғылыми-практикалық конференция аясында ұлт азаттық көтеріліске қатысты ұлт зиялыларының ұстанымдары сөз болды. Осы тұста жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері тәуелсіздіктің бізге оңай келмегенінің, бұл жолда талай тауқыметті жылдар біздің ата-бабамыздың басынан өткенің атап өтті.
Мейрамбек Төлепберген, «Қазақстан – Тараз» телеарнасының директоры
Тарихи сана болмай ұлт бола алмайды. Ешкім. Тәуелсіздік оңай келе салған жоқ. 143 елмен демократиялық қарым-қатынас жасап, БҰҰ-ның қабырғасында қазақ тілі естіліп тұрғанда міне ел болған деген осы. Іргелі ел болу үшін, Елбасының саясаты қазақтарға жүктеген жауапкершілік бірінші. Намысымыз болса, арам, зұлым, болмасақ мемлекеттің қаржысына қол сұқпайтын болсақ, балаға жақсы тәрбие берсек. Міне нағыз қазақ сонда ғана боламыз.
Бұдан бөлек, жиында тарих ғылымдарының докторы, профессор Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарованың «Түркістан өлкесіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихы» деп аталатын кітаптың тұсауы кесілді. Әрине, қасіреті көп қилы заманда азаттық жолында күрескен қазақ ерлерінің ерлігі өлшеусіз. Бүгінгі өткен іс-шара соның айқын айғағы.
Данияр Асқарұлы, Ержан Құдияров, Руслан Бегалы «Жаңалықтар қызметі»