«Рухани жаңғыру» бағдраламасы аясында Жамбыл облыстық орыс драма театры Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай «Найман ана» спектакльінің тұсауын кесті. Замана шындығын өткір суреттеген туындының сахналық нұсқасы да көпшілік көңілінен шықты.
«Найман Ана»- бұл Шыңғыс Айтматовтың танымал «Ғасырдан да ұзақ күн»атты романынан үзінді жаңа нұсқасы. Драмада жартылай шөлді климат Орталық Азиядағы белгілі бір тоталитарлық жүйеде өмір сүріп жатқан елді көрсетеді.Тікенді сымға бөлінген ел екі аумаққа бөлінеді. Олардың біреуі ұлы ұстаздың жолымен, ал екіншісі ата-бабалар заңдарына сүйеніп өмір сүруге тырысады.
Сұлтан РАЕВ ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ
/Біз бұл спектакльмен Германияда өткен «Мезон хайм» фестиваліне қатысып, 1 орынды иелендік.негізі қойылым өте қызықты.Спектакльде Мәнгүрт туралы айтылады.Мәнгүрттік бұл өте ауқымды, қиын тақырып./
Халықты мемлекетке соқыр қызмет етуге мәжбүрлеп, түп-тамырымен жою саясаты қолға алынады. Шекара әкімшілігінде шөл далаға тастап кеткен аналардың жағдайы суреттелді. Олар өз халқының салт-дәстүрлері мен халықты тамырымен жойп жібермес үшін Найман Ананың есімін символ ретінде сақтап қалады.
Нұрлан Әбдіқадыров қоюшы-режиссер
/Тоталитарлық жүйе орнаған елдегі халықтың жағдайы баяндалады.Жазушы Жазушы бұл туындыда қазіргі заман мен мыңдаған жылдар бұрынғы аңыздар арасындағы ортақ көп нәрсені көрсеткісі келеді./
Сондай-ақ, «Ғасырдан да ұзақ күн» романында жазушы «Мәңгүрт» туралы ескі аңыз жайлы айтады. Жазушы бұл туындыда қазіргі заман мен мыңдаған жылдар бұрынғы аңыздар арасындаға ортақ көп нәрсені көрсеткісі келеді. Мәңгүрт образы өз дәуірінің ащы шындығын астарлы бейнелеген туынды болып қала бермек.