Өткен жылы өңірдің жалпы өңірлік өнімі 3,3 трлн теңгені құраса, жыл басынан бергі өсім 17,9 пайызға жеткен. Өндіріс көлемі аймақ тарихында алғаш рет 1 триллион теңгеден асып, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Ал агроөнеркәсіп кешенін қолдауға биыл 32,6 млрд теңге бөлініп отыр. бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты. Ендігі міндет – даму қарқынын бәсеңдетпей, алдағы уақытта да халықтың тұрмысын тіктеу бағытындағы жұмысты күшейту. Ербол Қарашөкеев аудан әкіміне басымдық берілуі тиіс бағыттар бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, тұрғындардың өтініш-пікірлерін тыңдады.

Басқосуда аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Өткен жылды жемісті қорытындылаған жамбылдықтар осы жылдың алғашқы төрт айында да тәуір тәмамдаған. Инвестиция тартуда өңір алғашқы үштікте. Жаңа өндіріс орындары ашылып, салада оң динамика қалыптасып келеді.