Қазақстандағы ресми тіркелген алғашқы жібек өсірушілер Жамбылда. Кезінде үзілген жібек жібі Байзақта қайта жалғанғандай. Отыз-қырық жыл бұрын тоқтаған ата кәсіп бүгінде жаңа тыныс алып, тың табыс көзіне айналуда. Гектарлап тұт егіп, жібек құртын өсіруді меңгерген шеберлер енді табиғи талшықтан отандық өнім шығарып жатыр. Шәліден бастап киімге дейін тігілетін бұйымдар сұранысқа ие.
Бұл істі 15 кәсіпкер бірлесіп коператив ашып қолға алған. Олар 40 гектар тұт ағашын егіп, Самарқандтан әкелінген тұқыммен 2-3 жыл бұрын өндірісті жолға қойған.