Шу ауданының орталық алаңында 1 мамыр – Халықаралық ынтымақтастық күніне орай ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Басқосуды аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков ашып, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.
Шара барысында алты ұлттық мәдени орталықтың өкілдері өздерінің салт-дәстүрлерін таныстырып, ұлттық тағамдардан дастархан жайды. Сондай-ақ, концерттік бағдарламаларын жоғары деңгейде ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Салтанатты жиын барысында аудан әкімі бірқатар белсенді азаматтарды «Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, сондай-ақ Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады.