AMANAT партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» және «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясында Тараздағы бірқатар әлеуметтік мекемелерге мониторинг жүргізді. Балалар үйіндегі жағдайды көріп, қарттар үйінің қызмет алушыларымен қал-жағдай сұрасып, ас-ауқатын тексерді.

Қоғамдық мониторинг барысында партия өкілдері балаларды қолдау орталығына барды. Бұл мекемеде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 124 бала қызмет алады. Тексеріс барысында топ мүшелері балақайлардың ас бөлмесі, оқу бөлмелері мен жатын бөлмелерін көрді. Кемшіліктер де анықталды. Көктемнің көк өзегінде шатырды ашып, шаң- тозаңның ортасында балаларға жайсыздық жасағаны үшін мекеме басшысын сынға алды.