Өткен демалыс күндері Тараздық медиа саласының өкілдері арасындағы футбол турнирі өтті.
Турнир Ернар Башановты еске алуға арналды. Ернардың өзі көзі тірісінде талай медиа өкілдері арасындағы жарысқа қатысқан. Спортты жанына серік еткен оның ғұмыры қысқа болды. Еске алу турниріне оның жақындары мен ата – анасы қатысып, футболшыларға сәттілік тіледі. Жарыс көркін ашқан «Жамбыл ТВ» мен «Хибатулла Тарази» командалары аса тартысты ойын өрнегін көрсетті. Нәтижелі матч 3 – 3 есебімен тең аяқталды. Одан кейін де тартысты ойындар өтіп, «Тараз Пресс» командасы чемпион атанды.