1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Этнос өкілдері ұлттық киімдерін киіп, достық дастарханын жайып, тағамдардан дәм ұсынды. Сонымен бірге спорт түрлерінен сынға түсті. Мерекелік іс-шараға облыс әкімінің орынбасары мен қала әкімі, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Бүгінде облыста 87 ұлт өкілі тұрады. Барлығы бір отбасындай тату-тәтті өмір сүріп, еліміздің тұрақтылығына атсалысып келеді. Мерекеде әр түрлі этнос өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін көрсетіп, мәдениетімен таныстырды. Спорттық сайыстар ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Салтанатты жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, өңірдің дамуына және қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосқан азаматтарды марапаттады.