Талас ауданындағы Ақкөл ауылында мектеп бітіргендеріне 50 жыл толған түлектер бас қосып, тағылымды кездесу өткізді. Алдымен ауылдағы саябаққа тал отырғызған түлектер, кейін өздері бітірген білім ошағына барып, жастық жақтағы естеліктерімен бөлісті. Содан соң мішітте құран бағыштап, ас берді.

Ақкөл ауылында мектеп бітіргендеріне жарты ғасыр толған түлектер туған ауылдарына арнайы келді. 70 жасқа келген қарияларды аудан әкімі, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары ыстық ықыласпен қарсы алып, дәм ұсынды. Іс-шара саябақта тал отырғызудан басталды. Түлектер бұл арқылы туған жерге деген құрметін білдіріп, елге деген перзенттік парыздарын тағы бір мәрте айқындады.