Таразда «Бес бойдаққа бір той» қойылымы сахналанды.Күлкі мен ойды қатар өрген, бүгінгі қоғам үшін өзекті, тәрбиелік мәні жоғары шығарманы жастар театры көпшілікке ұсынды.

Көрнекті жазушы-драматург Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Бес бойдаққа бір той» комедиясы ұлтымыз үшін маңызын жоймайтын ұрпақ тағдыры мен оның болашағы мәселесін күлкі арқылы жеткізетін шығарма.Қарапайым отбасындағы қызықты оқиғалардан құралған пьессаның басты кейіпкері Қырманбай қарт. Ал бес бойдақ деп отырғанымыз Қырманбай және оның ұлдары. Оқиға желісі бойынша әкесі көзі тірісінде балаларының отау құрып, үйлі-жайлы болғанын қалайды.Үш ұлы мен екі қызы өздерінің сүйгендерін әлдеқашан тапқан.Алдымен әкелерін үйлендірмек болып шешеді.