Талас түрленіп, жасыл желекке айналуы мүмкін. Өткен аптада аталған ауданға қарасты Үшарал ауылының тұрғындарымен «Harvest Agro» компаниясы келіссөз жүргізді. Жергілікті тұрғындармен ашық форматта өткен жиында ауыл маңындағы жер ресурстарын игеру, аграрлық әлеуетті арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.
Компанияның жоспарына сәйкес, Үшарал іргесіндегі 41 мың гектар алқапта ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру көзделіп отыр. Бұл көрсеткіш жобаның ауқымдылығын айқындап қана қоймай, Жамбыл облысындағы агроөнеркәсіптік дамудың жаңа кезеңін бастауға мүмкіндік береді. Аталған аумақта жүгері мен соя секілді сұранысқа ие дақылдарды өсіру жоспарланған.