Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі өңір аудандарында да кеңінен тойланды. Солардың бірі Сарысу ауданы. «Ынтымағы, бірлігі жарасқан – Қазақстан жасасын!» атты мерекелік кешке түрлі этнос өкілдері жиналды.

Мерекелік кеш алаңдағы қолөнер көрмелерінен басталды. Келушілер ұлттық спорт ойындарын, жас спортшылардың көрсетілімдерін және түрлі этнос өкілдерінің мәдени көрмелерін тамашалады. Аудан әкімі Сәкен Мамытов жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, елдегі татулық пен тұрақтылықтың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, ауданның дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.