4-мамыр Халықаралық өрт сөндірушілер күні. Тілсіз жау салғырттықты кешірмейді. Оқыс жағдай кезінде жылдам шешім қабылдап, табандылық таныту маңызды.
Отан үшін отқа түсіп жүрген Бейбіт Серікұлы бұл салаға бала кезден қызыққан. Ол еңбек жолын он екі жыл бұрын Жуалы жерінен бастапты. Осы аралықта қазақстанның түрлі облыстарында төтенше жағдайлардың алдын алып, ел үшін аянбай еңбек етіп келеді.