Міне, мамыражай мамыр айы да келіп жетті. Ендеше, елімізде осы айдан бастап қандай өзгерістер орын алады. Қазақстандықтарды қандай маңызды өзгерістер күтіп тұр.

Елде мамыр айынан бастап мобильді аударымдарға салықтық бақылау күшейтіледі. Банктер бірінші тоқсан бойынша жинақтаған мәліметтерді салық органдарына тапсырады. Жауаптылар ақша аударымдарында күмәнді операцияларды саралап, қорытынды шығарады.