Қордайда мал және құс шаруашылығына арнайы жем дайындайтын кәсіпорын балыққа да жем шығара бастады. Ал, болашақта кәдімгі сұйық май шығаруды қолға алмақ. Сонымен қатар, өздері жем-шөп шығарып, өздері мал бордақылап кәсіпті кешенді дамытып отыр. Қазір Қордайдың жемі елімізбен қатар, шекара асып, шетелге де экспорттала бастапты.
Қордай ауылындағы «Қордай-жем» зауыты бүгінде ең ірі өндіріс орындарының біріне айналып отыр. Жобалық сметалық құны 223 милион теңге болатын бұл зауытты жабдықтау 2017 жылы қолға алынып, 2019 жылы іске қосылған. Малмен құс жемінің қуаттылығына қарай бірнеше түрін шығаратын зауыт содан бері ырғақты жұмыс істеп тұр. Былтыр Агро қолдау қоры арқылы 5 милион теңгенің қайтарымсыз грантына ие болған олар, үстіне 25 миллион қосып, балық жемін шығаратын цехты да іске қосыпты.