Халықтың табысы мен әл-ауқатын арттыру – алда тұрған аса маңызды міндет. Бүгін Жамбыл облысының әкімі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент жүктеген тапсырмаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында бірқатар басқарма басшылары баяндама жасап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Кеңесте алдымен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Президент тапсырмаларына қатысты баяндама жасады. Әр саланы жіті жоспарлап, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстарды атап өтті. Негізгі басымдық экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және өңір халқының табысын арттыру болмақ.