Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімінің бастамасымен «Назар аударыңыз, жолда – адам!» атты профилактикалық акциясы өтуде. Шараның басты мақсаты – теміржол және әуе көлігі нысандарында құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және пойыздардың адам басу деректерін болдырмау. Аталған іс-шара заң және тәртіп қағидаты аясында жүзеге асырылып жатыр.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға теміржол аймағының аса қауіпті екенін ескертеді. Белгіленбеген жерден жолды кесіп өту, теміржол бойында мал жаю мен вагондарға міну өмірге қауіпті. Ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қадағалап, теміржол маңындағы қауіп-қатерді үнемі түсіндіріп отыру қажеттігі айтылды.