Соңғы тәуліктерде жауған қар өңірдің барлық аудандарындағы жол қозғалысын қиындатты. Сондықтан оқыс жағдайларды болдырмау үшін Меркі ауданында да қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қолда бар техникалар мен адам күштері осы жұмысқа жұмылдырылған.

Көлік қозғалысында көктайғақты болдырмау мақсатында ауданның барлық бағыттарындағы жолдарда күні-түні арнайы техникалар жұмылдырылып, қар тазалануда. Ал аудан аумағындағы елді мекендердегі көшелерде қарды тазалаумен қоса инертті материалдар себу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.