«Отбасындағы үйлесім: әйел даналығы мен жауапкершілігі».«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – отбасы институтын нығайту, әйелдің қоғам мен отбасындағы рөлін тереңінен ашу, аналар арасында ашық диалог орнатып, өмірлік тәжірибе мен тағылым алмасуға мүмкіндік жасау.

Кездесуге мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы арнайы қатысып, қазақы тәрбие, ана жауапкершілігі, отбасы берекесін сақтаудағы әйелдің сабыры мен парасаты туралы әсерлі ойларымен бөлісті. Ұлттық құндылықтарды ұлықтау мен ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлі кеңінен сөз болды. Сондай-ақ жиында отбасы ішіндегі үйлесім, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік мәселелері талқыланды. Қатысушылар еркін форматта пікір алмасып, аналар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.