Шохан Уалиханов кітапханасында ақын Олжас Отардың «Ауырмайды жүрек» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті. Рухани кешке әдебиет пен өнердің көрнекті өкілдері, зиялы қауым, айтыскер ақындар мен оқырмандар қатысты. Кітапта ақынның жүрегін жарып шыққан жырлары мен айтыс сахнасында айтқан қайталанбас орамды ойлары жинақталған.
Төрт бірдей саланың үздігі Олжас Отар мемлекеттік қызмет пен өнерді қатар алып жүрген азамат. «Ауырмайды жүрек» - автордың ең алғашқы жыр жинағы. Бұл кітапта өмір, махаббат, адам жанының иірімдері, ішкі толғаныс пен таңдау тақырыбы терең әрі шұрайлы тілмен өрілген. Ақынның өлеңдері сезім мен ойдың үйлесімі арқылы оқырманын өзіне жетелейді.