Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығы заманауи медициналық жабдықпен толықты. Жаңадан алынған аппараттың бірі қатерлі ісік ауруларын ерте анықтауға арналса, екіншісі тері ауруларын емдеуге бағытталған.

Бұл онкопотологияларды ерте анықтауға арналған 128 кесінділі компьютерлік томография. Аппарат ішкі ағзаларды жоғары дәлдікпен зерттеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде ауруларды ерте кезеңде анықтап, емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттырады.