Жамбыл облыстық қан орталығына бес бірлік медициналық жабдық әкелінді. Құны 30 млн теңгенің үстінде. Жапония Елшілігінің «Шөп тамыры» жобасы аясында жүзеге асырылып отырған бұл бастама зертханалық үдерістердің сапасын арттырып, қызмет тиімділігін күшейтуге бағытталған.

Жалпы, Жамбыл облыстық қан орталығы өңір тұрғындарының денсаулығын сақтауда стратегиялық маңызы бар мекеме ретінде тұрақты дамып келеді. Қызмет сапасын арттыру, заманауи технологияларды енгізу және донорлық қозғалысты кеңейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын тауып отыр. Мәселен, былтыр ғана сатып алынған мына жабдық мыңдаған адамның өмірін сақтауда таптырмас құрал.