Бүгін Тараз қаласының ақпарат кеңістігінде өз орны бар «Тараз24» телеарнасына – 5 жыл! Бес жыл бұрын көгілдір экраннан алғаш рет эфирге шыққан жас арна бүгінде аймақтың айнасына, халықтың үніне айналған. Осы уақыт ішінде мыңдаған жаңалық, жүздеген арнайы жоба, сан түрлі тікелей эфир көрерменге жол тартты.