Жамбыл облысында 56 жасқа дейінгі азаматтар өз еркімен әскер қатарына қосыла алады. Қорғаныс саласында қызмет етуге келгендерге тұрақты жалақы төленеді. Бірақ бұл азаматтардың негізгі жұмысына кедергі келтірмейді. Олар әскери штабқа айына 3 рет барады. Офицерлік құрамда қызмет етуге ниеттілерге қандай талап қойылады?
Биыл резервтегі әскерге 56 адам алынбақ. Қазірдің өзінде 28-і келісімшарқа қол қойып үлгерген. Енді олар айына 3 рет оқуға келеді. Жылына бір рет әскери полигондағы оқу-жаттығуға қатысады. Яғни бір жыл ішінде 66 күн ғана жұмыс істеп, ай сайын 85 мың теңге жалақы алып отырады.