Тараз тұрғындарының мемлекет алдындағы берешегі 868 миллион теңгеден асты. Облыс орталығында көлік салығын төлемегендерді анықтау бойынша күшейтілген рейдтер басталды. Қарызды өндіру шараларына мемлекеттік кірістер органдары, патрульдік полиция және жеке сот орындаушылары жұмылдырылған. Сонымен қатар рейд барысында берешегі бар азаматтарға ескерту жасалып, заң талаптары түсіндірілуде. Тексеру жұмыстарына Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйелері де тартылған.
Жұмыс қалалық қауіпсіздіктің — Жедел басқару орталығында басталды. Үлкен экрандарда Тараздың негізгі көшелері көрсетіледі. Нөмірді тану жүйесі арқылы заманауи камералар көлік салығын төлемегендерді бірден байқап, патрульдік полицияға хабар береді.