Президент жаңа Конституция жобасына қатысты ұсынысын білдірді. Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев әзірленіп жатқан құжаттың артықшылықтарына тоқталып, қоғам үшін маңызды деп таныған бастамаларын комиссия мүшелерінің назарына ұсынды. Жалпы, Ата заңның жаңа жобасында «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты айқын көрініс тапқан, - деді ол.