Бүгін Таразда дәстүрге айналған «Сенат опен» турнирінің облыстық кезеңі басталды. Алатақта додасына құқық қорғау органдары мен күштік құрылым қызметкерлері қатысты. Бұл жолғы бәсеке Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Жарысқа адам жинап, барлық істің басы қасында Қазақстан шахмат федерациясының өкілдері де жүр. Дәстүрлі түрде Тараз төрінде өтетін додаға биыл 100-ге тарта адам жиналды. Олардың қатарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Төтенше жағдайлар министрлігі, облыстық Полиция департаменті, Экономикалық тергеу департаменті және Прокуратура қызметкерлері бар.