2001 жылдың ақпан айында ҚР Қауіпсіздік кеңесінің шешімімен соңғы атқыштар взводы Тәжікстан шекарасынан шығарылған еді. Бүгін осы тарихи оқиғаның 25 жылдығына орай ҰҚК Шекара қызметі облыстық департаментінде тәжік- ауған жеріндегі ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерімен кездесу өтті.
Іс-шара Жамбыл ауданына қарасты Гродеково ауылында өтті. Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Елді мекен Қырғызстанмен мемлекеттік шекараға жақын орналасқан. Әскери қызметшілер мен жауынгерлік іс-қимылдар ардагерлерімен өткен мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, патриоттық тәрбие беруге ықпал етеді.