Тараз қаласының автобекеті мен «Шығыс қақпасы» халықаралық деңгейдегі фильмде көрініс тапты. Шаһардың көрікті орындары «Пейіш, анама хат» атты туындыда ерекше атмосфера беріп, оқиға желісін толықтыра түскен. Фильмге Тараздың жас әртістері де қатысып, бүгінде оларды еліміздің және көршілес мемлекеттердің кинотеатрларынан көруге болады. Аталған фильмнің жабық көрсетілімі өтті.