Үздіксіз дайындық, арнайы талап. Аймақтағы пән олимпиадасының жүлдегерлері «Мөлдір бұлақ» оқу - сауықтыру орталығында арнайы оқу жаттығудан өтуде. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов озат оқушылармен кездесіп, алдағы Республикалық бәсекеге сәттілік тіледі.
Төртінші жыл жалғасқан дәстүрлі оқу-жаттығу. Астанадан арнайы келген оқытушылар және өңірдің үздің педагогтері дәріс оқып, ерекше әдіс- тәсіл арқылы оқушыларды дайындайды. Ал, жас жеткіншектер бір күнде жеті сағат бойы өз бағыттары бойынша білім алады. Облыс әкімінің орынбасары аталған орталыққа барып, Наурыз- Сәуір айларында өтетін Республикалық олимпиада қатысушыларына сәттілік тіледі.