Нақтылы кезеңде еліміздің барлық аймағында саяси реформаларды халыққа кеңінен таныстыру жұмыстары қарқынды жүруде. Жаңа бастамалардың мәні түсіндіріліп, қоғам белсенділерінің пікірлері тыңдалып келеді. Облыс әкімінің орынбасары Алтай Әлінің төрағалығымен өткен кеңесте ел өміріндегі реформалық өзгерістер жан жақты талқыланды.

Басқосуға облыс әкіміне қарасты басқарма басшылары, аудан әкімі орынбасарлары қатысты. Жиында Алтай Сембекұлы қоғамдағы жаңару үдерістерінің маңызын тілге тиек етіп, бұл істе азаматтардың белсенділігі мен жауапкершілігін атап өтті. Маңызды бастаманың мәнін халыққа жеткізу әрбір белсенді азаматтың ортақ ісіне айналуы қажеттігін айтып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, қоғаммен ашық пікір алмасуды жалғастыру маңызды екенін еске салды.