Волонтерлік қызмет ата заңда бекітілуі мүмкін. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 10-шы отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты. Ол азаматтар мен ұйымдардан, ғалымдар мен заңгерлер қауымдастығынан бірқатар ұсыныс келіп түскенін жеткізді. Соған байланысты жобаға жаңа нормалар қосымша қарастырылған. Бақыт Нұрмұхановтың сөзінше комиссия қарауына волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныстар түскен. «Волонтерлік қызмет туралы» Заңды және азаматтардың ақысыз, ерікті көмегінің мұқтаж адамдарға қажеттігін, қоршаған ортаны қорғаудағы маңызын ескер отырып, бұл ұсыныс қолдау тапты деді ол.