Бүгін Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында екпіні 32 м/с-қа дейін жеткен қатты желдің салдарынан бірқатар нысанға зақым келді. Атап айтқанда: 1,3-ші және 4-ші шағын аудандарда 7 тұрғын үйдің шатырлары жартылай ұшып кеткен.

Сонымен қатар Бейбітшілік көшесінде орналасқан тудың тұғыры құлап, аудан аумағында электр жарығы уақытша сөнген. Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтар туралы ақпарат тіркелген жоқ. Оқиғаға байланысты аудан әкімдігінде жедел штаб құрылып, зерделеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Аудандағы жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында.