Меркіліктер үшін жағымды жаңалық. Аудан орталығынан заманауи роботтандырылған көлік жуу орталығы ашылды. Жаңа нысан соңғы үлгідегі автоматтандырылған технологиялармен жабдықталып, жүргізушілерге ыңғайлы әрі жедел қызмет ұсынады.

Жаңа ашылған нысанда кез-келген көлік небәрі 5–8 минуттың ішінде толықтай жуылып шығады. Жуу барысында көлік кузовы мен бояуына зақым келмейді. Мұнда қолданылатын химиялық қоспалар жоғары сапалы әрі экологиялық талаптарға сай.