Ата заңның жаңа жобасы әрі қарай да қоғамда ашық талқылана береді. Конституциялық комиссияның кезекті жиынында бас құжаттың мәтініне талдау жасалғаны айтылды. Терминологиялық тұрғыдан жіберілген қателіктер мен аударма мәселесіне назар аударылып, жан-жақты жүйелі жұмыс жүргізілген.

Ата заңның жаңа жобасы әрі қарай да қоғамда ашық талқыланады. Бұл туралы бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссия төрағасы Эльвира Әзімова айтты. Комиссияға e-Өтініш платформасынан 4 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен. Оның басым бөлігі Конституция жобасының жекелеген баптарының редакциясын жетілдіруге бағытталған нақты әрі мазмұнды ұсыныстар.