Тараз қаласы әкімдігінде мемлекеттік қызметті дамыту, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған кеңес өтті. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұйымдастырған жиында мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру және қоғамға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту жолдары да талқыланды.
Кеңес барысында мемлекеттік қызметті дамытудың заманауи бағыттары, қызметшілердің кәсіби жауапкершілігі мен мінез-құлқына қойылатын талаптар кеңінен сөз болды. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған қолданыстағы шектеулер мен алдын алу тетіктері түсіндіріліп, басқару жүйесін жетілдіру мәселесіне ерекше назар аударылды.