Ел Президенті халыққа арнаған жолдауында Ауылшаруашылығын тауарларын терең өңдейтін өндіріс орындарын ашу заман талабын екенін атап айтқан еді. Облыста класстер жүйесін қалыптасырып, өз өнімдерін өңірге өткеріп жатқан кәсіпкерлер жетерлік. Соның бірі Т. Рысқұлов ауданында орналасқан «Ақтоған» шаруа қожалығы.

Жалпы Т. Рысқұлов ауданында Ауылшаруашылығы тауарларын терең өңдейтін кіші өндіріс орындары баршылық. «Көгершін» ауылында орналасқан «Ақтоған» шаруа қожалығының бидай тартып, ұн шығаратын диірмендері бар. Сонымен қатар олар макарон өндіруменде айналысады. Технологиялардың барлығы жаңа. Италия мен Украйнадан жеткізілген. Сапалы өнімге сұраныс та жоғары.