Конституциялық реформалар жөніндегі депутаттық фракция отырысында халық қалаулылары Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің еліміздің жарқын болашағы үшін жасалып отырған маңызды қадам екенін айтты. Бұл ең алдымен, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын, ал ең маңыздысы реформа халықпен бірге ашық түрде талқыланғанын атап өтті.
Ата Заңның жаңа мәтінінің өзегіне білім мен ғылым, мәдениет пен инновацияның алынуын – болашаққа салынған іргетас, деп санайды депутаттар. Онда цифрландыруға да ерекше мән беріліп, азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау жөніндегі норма Конституцияда алғаш рет көрініс тапқаны қуантады.