Меркі ауданында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығы табысты жұмыс істеуде. Айта кетерлігі, мұндай орталық аудандар арасында тек Меркіде ғана бар. Әлеуметтік маңызды нысан 2024 жылы ашылған.

Орталықта азаматтар уақыттарын тиімді өткізіп, түрлі емдік-сауықтыру шараларымен қамтылады. Келушілерге қажетті медициналық процедуралар жүргізіліп, денсаулықтарын нығайтуға бағытталған қызметтер көрсетіледі. Атап айтқанда, массаж бөлмесінде қарттар арнайы мамандардың бақылауымен өздеріне қажетті емдерін қабылдайды. Психолог маман әрбір келушінің жағдайын жеке сұхбат арқылы анықтап, арнайы терапиялық жұмыстар жүргізеді.