Сондай-ақ облыс әкімі Талас ауданына жұмыс сапары барысында «TALAS INVESTMENT COMPANY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесті. Бүгінде 600 адам еңбек ететін өндіріс орны елімізде орын алып жатқан саяси реформаларға бейжай қарамайды.

Қазіргі таңда «TALAS INVESTMENT COMPANY» ЖШС өңірдің өндіріс саласын өрге сүйреп жүрген компания. Ел байлығын еселеуге,жаңа технологияларды игеруге, өндіріс қарқынын арттыруға үлкен үлес қосып келеді. Елдің тұтастығы мен тыныштығы, дамуы жолында жаңа Конституцияның әсері мол. Бұл жоба елдің дамуына, жасөспірімдердің болашағына оң ықпал ететін, кемел құжат болмақ. Мемлекетіміздің бірлігі мен тұтастығы маңызды. Облыс басшысы кәсіпорын ұжымын ашық пікір алмасып, тараптар еркін ой қозғады.