Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізетін ұстаздар мен психологтар арнайы оқыту семинар-кеңесте бас қосты. Меркі аудандық психологиялық-педагогикалық түзету орталығында осы санаттағы балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, олардың қоршаған ортаға деген икемділігін арттыру арқылы білім беру процесін жетілдіру жайы жан-жақты талқыға түсті.