Жауапкершілігі жоғары әрі құрметті мамандықтардың бірі төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушы мамандары. Негізінен бұл кәсіпке ешкім кездейсоқ келе салмайды. Өйткені құтқарушы жақсы физикалық дайындықты, жүйке бекемділігін және төзімділікті талап етеді. Қандай да бір құрметке лайық құтқарушы мамандарының бір парасы Таразда білім алып, дайындалады.

Адам өмір мен қауіпсіздігін қорғаумен тікелей байланысты Төтенше жағдайлар мамандары өрт, су тасқыны, зілзала, жол көлік оқиғасы сияқты кез-келген жағдайда шұғыл көмек көрсетеді. Олар жылдам шешім қабылдап, қиын сәтте сабырлы бола білулері қажет. Құтқарушы мамандығының нәзік жанды бітіруші түлегі Алина, өз мамандығым мақтанышым дейді.