Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығы аясында, сондай-ақ ел жадында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың мерейтойларына орай «Тарихта таңбаланған Әулиеата тұлғалары» атты жылжымалы көрменің ашылу рәсімі өтті. Ауқымды мәдени жобада ұлт руханияты мен мемлекет тарихының алтын қорына енген әулиеаталық көрнекті тұлғалардың өмір жолы мен елдік мұрат жолындағы сан қырлы қызметін кеңінен насихатталды.
Көрменің мақсаты – Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарын ұлттық тарихымыздың асыл қазыналарымен қауыштыру, елдік пен ерліктің, өнер мен еңбектің символына айналған тұлғалардың өнегелі мұрасын дәріптеу. Жас ұрпақтың тарихи санасын тереңдетіп, отансүйгіштік рухты нығайту. Сонымен қатар, көрмені Қызылорда облысының аудандарында ұйымдастыру арқылы кең ауқымды көрермен қауымды қамтып, ұлттық құндылықтарды өңірлік деңгейде насихаттау.