Биыл Жамбыл облысында егіс алқаптарының жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 25,5 мың гектарға ұлғаяды. Яғни, 665,4 мың гектарға егін егу жоспарлануда. Бұл ретте егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыруға ерекше назар аударылып, суды көп қажет ететін дақылдарды ылғалды аз қажет ететіндерімен алмастыру көзделуде. Бұл туралы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу барысында айтылды.